Введите номер документа
Прайс-лист

Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкілдігінің жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 нарыздағы № 322 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 23 марта 1995
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 августа 2006

Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкiлдiгiнiң
жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 23 нарыздағы № 322 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсiздiгi туралы» конституциялық Заңды және "Шетелдегi Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 2 сәуірдегі № 1161 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 10, 119-бап) орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Европа елдерiнiң арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру және кеңейту, экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, Европада iскер әрiптестердi iздеу мен iрiктеу, бұрын қол жеткен уағдаластықты шешуге жаңа импульс беру, европалық экономикалық құрылымдық бөлiмшелерiмен ғылыми-техникалық қатынастарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгiне Европа елдерiмен (сауда өкiлдiгi жоқтарымен) үкiметаралық комиссиялардың жұмыс аппаратының мәртебесi берiлсiн.

2. Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкiлдiгiнiң Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп Европа елдерiмен сауда-экономикалық келісімдерiн әзiрлеуге, сондай-ақ мемлекеттік, акционерлік, холдингтiк және жеке компанияларды қоса алғанда, экономикалық құрылымдардың бiрлескен интеграциясына қолайлы жағдайлар жасауға қатысуы аса маңызды мiндетi деп саналсын.

3. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамту және Европа елдерiнде (Сауда өкiлдiгi жоқтарына) үкiметаралық келісімдердiң орындалуына бақылау жасау мақсатында Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгiне қосымша мәртебе берiлiп және Парижде штаб-пәтерi белгiленiп, Европада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сауда-экономикалық мүдделерiн жүргiзу ұсынылсын.

4. Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгi шет елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемесi мәртебесiнде өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында 1995 жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс iстеп жатқан Басқарма құқындағы Министрлер Кабинетінің құрылымдық экономикалық бөлiмшесi болып саналсын.

5. Европа мемлекеттерiндегi Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкiлдiгiнiң қызметiне жәрдем беретiн болсын.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрiнiң

бiрiншi орынбасары

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом