1994 жылғы 12 қазаннан 1995 жылғы 11 наурызға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімдердің заңдылық күшін растау туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 27 наурыз № 341
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
1994 жылғы 12 қазаннан 1995 жылғы 11 наурызға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешiмдердiң заңдылық күшiн растау туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 27 наурыз № 341
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң заңсыз екенi туындайтын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орнынан түсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Осыған қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған шешiмдердiң заңдылық күшi расталсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулылары, егер оларда заңды күшiне енгiзудiң басқа мерзiмдерi айқындалмаса, қабылданған сәтiнен бастап күшiнде болады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бiрiншi орынбасары