Введите номер документа
Прайс-лист

«Текелі қорғасын-мырыш комбинаты» акционерлік қоғамын сауықтыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 10 тамыз № 1115 (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 10 августа 1995
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 апреля 2008

"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын сауықтыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 10 тамыз № 1115

 

ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды

 

"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру, инвестицияларды, озық технологияларды тарту және кәсiпорынды тиiмдi басқарудың тәжiрибесiн жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн оған басқаруға беру туралы "Қазинтерметалл" акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігімен келісіп, "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн басқару құқына контракт жасасын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан аталған контрактыға қол қоюға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасына өкiлеттiк берiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын "Ақсұңқар" мемлекеттік холдинг компаниясының құрамынан заңдарда белгiленген тәртiппен шығарсын.

4."Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын басқару контрактысы шарттарының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігіне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом