Введите номер документа
Прайс-лист

Өткен жылдардағы егін орағы астығының қалдықтарын және оның мемлекеттік ресурстағы ұқсатылған өнімдерін мемлекеттік азық-түлік контрактілік корпорациясының иелігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1228 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 5 сентября 1995
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 марта 2009

Өткен жылдардағы егiн орағы астығының қалдықтарын және оның мемлекеттік
ресурстағы ұқсатылған өнiмдерiн мемлекеттік азық-түлiк
контрактiлiк корпорациясының иелiгiне беру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі №  1228 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды

 

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. 1995 жылдың 1 тамызындағы жай-күй бойынша жүргiзiлген түгендеудiң қорытындысы және жасалған жауапты сақтау шарттары бойынша мемлекеттік ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң қалдықтары Мемлекеттік азық-түлiк контрактiлi корпорациясының (бұдан әрi - Корпорация) иелiгiне берiлсiн. Аталған астық және астық өнiмдерiнiң сақталуына шартты Корпорациямен қайта жасау кiтапшалардағы қалдықтар бойынша жүргiзiлгенi ескерiлiп, жұмсалған партиялар бойынша түпкi нәтиже Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Республикалық астық инспекциясының есептеу актiсiмен бекітілсiн. Корпорация мемлекеттік ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң осы Корпорацияға берiлуiне байланысты "Астық" акционерлік компаниясының мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерi болып табылады.

2. Мемлекеттік ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң сатылған партиялары үшiн 1995 жылдың 15 қыркүйегiнен бастап мiндеттi алдын ала төлем жасау белгiленсiн. Олар тек қана Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен Корпорация беретiн жiберу құжатымен берiлсiн.

3. Мемлекеттік ресурстағы астық пен астық өнiмдерiн сақтайтын кәсiпорындардың басшылары олардың қолда бары, қозғалысы және сандық-сапалық сақталуы туралы Корпорацияға ай сайын есеп берiлуiн қамтамасыз етсiн.

4. Мемлекеттік ресурстағы астық және астық өнiмдерiнiң нысаналы пайдаланылуына және оларды астық қабылдау кәсiпорындары сатқан кезде сатып алынған астықтың құны мөлшерiнде қаржы сомасының бюджетке уақтылы қайтарылуына Корпорация қатаң бақылау орнатсын.

Жергiлiктi әкiмдер мемлекеттік ресурстағы астық және астық өнiмдерiне қызмет көрсету және олардың сақталуы, қозғалысы, бюджетке қайтарылуы жөнiнде Корпорация мен астық қабылдау кәсiпорындарына тұрақты түрде жәрдем берсiн.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi:

Корпорация өзiне жүктелген мiндеттердi шешу үшiн бюджеттік ұйымдар үшiн қарастырылған мүлiктi жалға алу шарты мен төлем нысанында оған қажеттi үй-жай мен мүлiктiң тиiстi бөлiгi берiлiп, Корпорацияның аппараты бiр апта мерзiмде: Алматы қаласы, Төле би көшесi, 73 А мекен-жайы бойынша орналастырылсын, сондай-ақ Корпорацияның облыстардағы өкiлдiктерiн орналастыру мәселесiн шешсiн;

аталған үй-жайлар мен мүлiктердi "Астық" акционерлік компаниясының жарғы қорынан шығарып, оларды кейiн Мемлекеттік азық-түлiк контрактiлiк корпорациясының балансына беру мәселесiн екi ай мерзiмде шешсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом