Введите номер документа
Прайс-лист

1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 30 мамырдағы № 155 (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 мая 1997
Статус
Утратил силу

1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 30
мамырдағы № 155

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды


"Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысын атқару мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсенов:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiне "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысының орындалу барысы туралы, оның iшiнде коммуналдық қызметтi тұтынуды есептеу құралдарын орнату жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы апта сайын дүйсенбi күндерi жазбаша түрде баяндап тұрсын;

тиiстi есеп берудiң нысанын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiмен келiскен соң оны бекiтсiн.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрi В.В.Храпунов, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсеновке тиiсiнше республика және Алматы қаласы бойынша коммуналдық қызметтi тұтынуды есептеу құралдарын орнату барысы туралы олардың бекітілген нысаны бойынша күн сайын жазбаша хабарлап отырсын.

3. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктеймiн.

Премьер-Министр

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом