Введите номер документа
Прайс-лист

Республика фосфор саласының қаржылық жай-күйін тұрақтандыру және оны одан әрі дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1149

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Республика фосфор саласының қаржылық жай-күйін тұрақтандыру және оны одан әрі дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1149

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Республика фосфор саласының қаржылық жай-күйiн тұрақтандыру және
оны одан әрi дамыту үшiн жағдай жасау жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы
22 шiлдедегi № 1149

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң 1996 жылғы 19 маусымдағы № 60/96-1 және 1995 жылғы 8 қыркүйектегi № 23/95 келісім-шарттарын "IBE Trade Corp." және "Donnex Enterprises LTD" басқарушы фирмаларының орындауы туралы қорытындысын, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiнiң 1997 жылғы 23 маусымдағы жоғарыда аталған келісім-шарттарды бұзу туралы бiрлескен шешiмiн қарай келiп, басқаруға берiлген кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiнiң жақсармағанын, барлық деңгейдегi несие берушiлер алдындағы берешектерiнiң өсу үстiнде екенiн атап көрсетедi.

Соңғы жетi жыл iшiнде кәсiпорындарды негiзгi өндiрiс қорларын қайта жаңарту мен жетiлдiру жүргiзiлмеген, олардың тозуы қазiргi кезде сала бойынша орта есеппен 60 проценттi құрайды. Тек төрт акционерлік қоғам ("Суперфорфат зауыты", "Нодфос", "Қаратау", "Фосфор") бойынша несиелiк берешек 196,4 млн. АҚШ долларын құрайды, бұл қаржылық орнықтылықтың шиеленiстi деңгейiне бара-бар.

     Қазақстаның фосфорлық iшкi саласын қаржы-экономикалық сауықтыру,
одан әрi дамыту мақсатында және аймақтардың әлеуметтiк мәселелерiн
шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен:

"IBE Trade Corp.", "Donnex Enterprises LTD" фирмаларының сенiмдi басқаруы жөніндегі 1996 жылғы 19 маусымдағы № 60/96-1 және 1995 жылғы 8 қыркүйектегi № 23/95 келісім-шарттарын олардың "Қаратау", "Нодфос", "Суперфосфат зауыты", "Промтранс", "Казремэнерго", "Казахстанец", "Казхимжоба ҒЗИ", "Фосфор" акционерлік қоғамдарының акциялардың мемлекеттік пакетiн сенiмдi басқару жөніндегі құқықтық өкiлеттiктерiн тоқтату бөлiгiнде өзгертсiн, сондай-ақ "Химпром" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн мемлекеттік Медетшi банкiнен қайтарып алсын;

"Қаратау", "Нодфос", "Суперфосфат зауыты", "Химпром", "Фосфор", "Промтранс" акционерлік қоғамдарымен бiрлесiп "Қазфосфор" ашық акционерлік қоғамын құру туралы шешiм қабылдасын, бiр апта мерзiм iшiнде құрылтай салымдары ретiнде негiзгi және айналым қаражаты түріндегі мүлiктiң тiзбесiн айқындасын, сондай-ақ оны құру жөнiнде басқа да қажеттi ұйымдастырушылық шаралар жүргiзсiн;

"Қаратау", "Нодфос", "Химпром", "Суперфосфат зауыты", "Фосфор", "Промтранс" акционерлік қоғамдары акционерлерiнiң жалпы жиналыстарында олардың мүлiктiк кешендерiн "Қазфосфор" акционерлік қоғамының жарғылық қорына құрылтай салымдары түрiнде жаңадан құрылып жатқан акционерлік қоғамның акцияларына айырбасқа енгiзуi туралы мәселенi қарасын;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiмен бiрлесiп, "Қазфосфор" акционерлік қоғамының жарғылық қорына мемлекеттiң құрылтай салымы ретiнде жоғарыда аталған акционерлік қоғамға бекітілген жер учаскелерiнiң құнын енгiзсiн;

Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетiмен бiрлесiп, "Қазфосфор" акционерлік қоғамының жарғылық қорына мемлекеттiң құрылтай салымы ретiнде Шолақтау, Ақсай, Шилiбұлақ, Көкжон, Жаңатас, Көксу кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ аталған кен орындары жөніндегі геологиялық ақпаратты енгiзсiн;

"Қазфосфор" акционерлік қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына акционерлік қоғамының Тараз қаласындағы орналасатын орнын айқындауды және оны орналасқан жерiнде мемлекеттік тiркеудi ұсынсын;

басқару жөніндегі 1996 жылғы 19 маусымдағы № 60/96-1 және 1995 жылғы 8 қйркүйектегi № 23/95 келісім-шарттарын акционерлік қоғамдарының мүлiктерiн сенiмдi басқаруды жалғастыру бөлiгiнде өзгерту туралы мәселенi қарасын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi белгiленген тәртiппен "Қазфосфор" акционерлік қоғамына Шолақтау, Ақсай, Шилiбұлақ, Көкжон, Жаңатас, Көксу кен орындарында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу құқығына тиiстi лицензиялар берсiн.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi белгiлеген тәртiппен "Қазфосфор" акционерлік қоғамына тиiстi жер пайдалану құқықтарын ресiмдесiн.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi "Қазфосфор" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн акционерлік қоғамды тiркегеннен кейiн 10 күн мерзiм iшiнде жабық тендерге сатуды жүргiзсiн, ал тендер шарттарын әзiрлеу Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіне жүктелсiн.

5. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп департаментiнiң директоры (Х.А.Оспанов) дайын өнiмдi сатудан түскен қаржы қаражатының қозғалысына қатаң және толық бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi акционерлердiң жалпы жиналысына Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп департаментiнiң директоры Х.А.Оспановты бұрынғы ие болып отырған қызметi мен жалақысын сақтай отырып, iссапар шығыстарын төлеудi акционерлік қоғамға жүктей отырып, "Қазфосфор" акицонерлiк қоғамы президентінің мiндетiн атқарушы (уақытша) ретiнде ұсынсын.

     7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда министрi Ә.Е.Шүкеевке жүктелсiн.
 
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрінің
       бiрiншi орынбасары
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!