Введите номер документа
Прайс-лист

Мал шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлері бойынша анықтауды бастау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы № 399 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 15 марта 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 марта 2008

Мал шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерi бойынша анықтауды
бастау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 15 наурыздағы № 399  Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды

 

1998 жылдың 28 желтоқсанындағы "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және мал шаруашылығы өнiмiнiң iшкi рыноктағы бәсекелестiк шарттарының бұзылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының аумағына, ұқсас немесе тiкелей бәсекелесетiн тауарлар импорты кезiнде отандық өндiрушiлерге келтiрiлген шығын немесе келтiрiлуi мүмкiн шығын мөлшерiн анықтау үшiн, қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгімен бiрлесiп бiр ай мерзімде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн және Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің Атқарушы комитетiн қорғау шараларын қолдану мүмкiндiгi мақсатында қосымшада көрсетiлген тауарларға қатысты анықтауды бастайтын шешiм туралы хабарласын.

3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңдарда белгiленген тәртiпте қосымшада көрсетiлген тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
 
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
                                                Қазақстан Республикасының
                                                       Үкіметінiң
                                                2000 жылғы 15 наурыздағы
                                                     № 399 қаулысына
                                                         қосымша
     
     
             Анықтау рәсiмін жүргiзуге негiз болған тауарлардың
                                   ТIЗБЕСI
     
-------------------------------------------------------------------------- 
              Тауар атауы               !         СЭҚ ТН коды
---------------------------------------------------------------------------
     
Ет және жас, мұздатылған                                      020711
немесе тоңазытылған Gallus                                    020712 
domesticus [үй тауығы]                                        020713
түріндегі үй құсынан жасалған,                                020714
ұқсатылған тағамдық азық-түлiк
     
Шұжықтар және еттен,                                          160100 
ұқсатылған ет-тағамдық азық-
түлiктен немесе қаннан
жасалған соған ұқсас өнiмдер;
олардың негiзiнде әзiрленген
дайын азықтық тағамдар
     
Еттен, ұқсатылған ет-тағамдық                                 160250
азық-түлiктен немесе қаннан
жасалған басқа дайын немесе
консервiленген өнiмдер
     
     
     
               
                    
                         

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом