ӨРТ КҮЗЕТIНIҢ ЖАУЫНГЕРЛIК ЖАРҒЫСЫ
Қазақстан Республикасы IшкiIстер Министрлігі 1993 жылғы 5 шiлдедегі № 253 бұйрығымен бекітілді
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Iшкi
iстер министрлігі өрт күзетiнiң
Жауынгерлiк жарғысын бекіту
туралы
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі өрт күзетiнiң Жауынгерлiк жарғысы бекітілсiн және күшiне енгiзiлсiн (қоса тiркелген).
2. СССР Iшкi iстер министрлігінiң 1985 жылғы қарашаның 1-індегі № 211 бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
М И Н И С Т Р
iшкi қызмет генерал-майоры
Өрт күзетiнiң жауынгерлiк жарғысы өрт күзетiнiң бөлiмшелерi мен гарнизондарының өрт кезіндегі жауынгерлiк iс-қимылдарын ұйымдастыру және жүргiзу жөніндегі негiзгi ережелерiн белгiлейдi.
Өрт бөлiмшелерiнiң апат, тасқын, жер сiлкiнiсi және басқа ерекше жағдайлардағы жауынгерлiк қызметi. Сондай-ақ олардың басқа қызметтермен және ведомстволармен өзара iс-қимылы арнайы нұсқамалармен, ережелермен, нұсқаулармен айқындалады.
I бөлiм
ЖАУЫНГЕРЛIК БӨЛIМШЕЛЕРДIҢ ӨРТТЕГI IС-ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ
НЕГIЗДЕРI
I тарау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасының өрт күзетi меншiк және өрт сөндiру түрiне қарамастан елдi мекендерде шаруашылық жүргiзу объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгi жағдайын заңда көзделген тәртiппен қадағалауды қамтамасыз етуi тиiс.
Өрт сөндiру өрт күзетi бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк iс-қимылының негiзгi түрi болып табылады. Ол өрттi сөндiру және оның салдарын бәсеңдетуге бағытталған.