ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005.20.05 № 161 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
Министрімен 1994 жылғы 9 тамызда
бекітілген
Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлем төлеуді анықтау әдістемесі
Бұл Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрінің 1994 жылғы 13 сәуірдегі № 28 бұйрығына сәйкес құрылған ГНПОПЭ "Қазмеханобр" нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасымен бірігіп, облыстық экология және биоресурстар басқармаларының ұсыныстары мен толықтырулары есебімен жұмысшы топтың дайындаған әдістемесі.
Әдістемені дайындағанда Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің 1992 жылғы 11 наурызда бекіткен "Табиғи ортаға ластандырғыш заттар тастауға (шығару, орналастыру) төлем белгілеу бойынша әдістемелі ұсыным және басқа нормативтік-әдістемелік құжаттар қолданылды.
I. Жалпы ережелер
1.1. Әдістемелік ұсыным кәсіпорындар және бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер, құқығы бар заңды тұлғалар, жеке меншік тәуелділік түріне қарамай және шаруашылық қызметтегі ұйымдардың қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлем төлеуін белгілеуге арналған.
1.2. Әрбір кәсіпорындардың ПВД, ПДС нормалары мен қалдықтарды орналастыруына, нормативті және нормативтен тыс төлем төлеуін анықтау Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігі органдарымен белгіленеді.
Қауіптілігі 4 категорияға жататын кәсіпорындар экология және биоресурстар органдарымен бірігіп, келісілген қоршаған табиғи ортаға ластандыратын заттар тастау көлемінің азайтылуы жөнінде бағдарламаны дайындайды.
Бұл жағдайда тастау нормативі осы бағдарлама бойынша рұқсат етілетін тастау негізінде анықталады.
Жинаушыға, биотоғандарға, сүзілу жолдарына және жасанды объектілерге ластандыратын заттарды нормативті шығару ағып түсетін ағын сулардың сапасы мен санының жобалау көрсеткіштері негізінде анықталады (технологиялық, нормативтер және рұқсат етілген арнайы су пайдалану).
1.3. Төлем нормативі мыналар үшін белгіленеді: