Қазақстан Республикасы IIМ оқу мекемелерiнiң ғылыми-зерттеужәне редакциялық-баспагерлiк қызметiн реттеу туралы
ҚазақстанРеспубликасы Iшкi iстер министрлігі 1995 жылғы 6 қыркүйектегі№ 225 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы IIМ оқу мекемелерiнiң ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлiк жұмысын ұйымдастыруды әрi қарай жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
1. Бекiтiлсiн:
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу мекемелеріндегі ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру туралы ереже (№ 1 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ жоғары оқу орнындағы ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлiк бөлiм туралы Ереже (№ 2 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ жоғары оқу мекемесiнiң редакциялық-баспагерлiк кеңесi (РБКЕ) туралы Ереже (№ 3 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ жоғары оқу орнының адъюнктурасы туралы Ереже (№ 4 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу орындарының адъюнктi, ізденушiсi туралы Ереже (№ 5 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу орнының ғылыми жетекшiсi, адъюнкт (ізденушi) консультанты туралы Ереже (№ 6 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу мекемесiнiң профессорлық-оқытушы құрамы және қызметкерлерiнiң ғылыми зерттеулер нәтижелерiн практикаға және оқу процесiне енгізу туралы Ереже (№ 7 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу орны тыңдаушыларының ғылыми-зерттеу жұмысы туралы Ереже (№ 8 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу орнындағы тыңдаушылардың ғылыми қоғамының Жарғысы (№ 9 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу орнының тыңдаушыларының проблемалық тобы туралы Ереже (№ 10 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу мекемесiнiң тыңдаушыларының ғылыми үйiрмесi туралы Ереже (№ 11 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу орнының ең жақсы ғылыми үйiрмесiне байқау-конкурс туралы Ереже (№ 12 қосымша);
- Қазақстан Республикасы IIМ оқу орны тыңдаушыларының ең жақсы ғылыми жұмысына мектеп iшіндегі байқау туралы Ереже (№ 13 қосымша).