Введите номер документа
Прайс-лист

Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 612 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 20 апреля 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 октября 2009

Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 612 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған резервінен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен, Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған республикалық іс-шараларды өткізуге 10 (10) миллион теңге бөлінсін.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2000 жылғы 20 сәуірдегі

№ 612 қаулысына қосымша

 

Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын

дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың

жоспары

 

     _________________________________________________________________
      N         Іс-шара                   Өткізу        Сметалық құны
     р/с                                 мерзімдері       (мың теңге)
     _________________________________________________________________
     1  Түркістан қаласындағы Қазақстан  ІҮ тоқсан        1300
        мен шет мемлекеттер ғалымдары.   
        ның қатысуымен халықаралық
        ғылыми-практикалық конференция
     2  Түркістан қаласындағы "Түркістан   ІҮ тоқсан      2500
        - ғасырлар үні" атты театрландыр.
        ырылған қойылым
     3  ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж)   ІІІ тоқсан     4000
        халықаралық дөңгелек үстел,
        "Түркістан - 1500" көрмесі
     4  Алматы қаласындағы                  ІІІ тоқсан     1500 
        "Түркістан және Ұлы дала музыкасы"
        атты түркі тілді елдердің дәстүрлі
        музыкасының халықаралық фестивалі
     5  "Түркістан - 1500" мерейтойлық      ІІІ тоқсан     700
        медалін шығару                                     Жиыны: 10000
     
     
     
               
                   
                         

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом