Введите номер документа
Прайс-лист

Көктемгі дала жұмыстарын және шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 сәуір № 638

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 26 апреля 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 26 апреля 2000
Дата последнего изменениясреда, 26 апреля 2000

Көктемгі дала жұмыстарын және шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі
іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000
жылғы 26 сәуір № 638

Көктемнің ерте келуімен туындаған ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған қиын жағдайға және тұқым себу науқанын, шегірткелерге қарсы күрес іс-шараларын қысқа мерзімдерде өткізу және көктемгі дала жұмыстары кезеңінде жанар-жағармай материалдарының тапшылығына жол бермеу қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының материалдық резервінен жаңалау тәртібімен отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының терминалдарынан 21 900 (жиырма бір мың тоғыз жүз) тонна көлемінде дизельдік отын сатуды (қосымшаға сәйкес құпия);

2) 2000 жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде, мемлекеттік материалдық резервтен сатылатыннан жоғары емес баға бойынша, берушілермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін бүкіл көлемде дизельдік отын сатып алу туралы алдын ала келісім-шарттар жасасу жолымен, жоғарыда көрсетілген сатудан алынған қаражаттың есебінен 21 900 (жиырма бір мың тоғыз жүз) тонна дизельдік отын сатып алуды;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
               
                    
                         
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами