Введите номер документа
Прайс-лист

Уран өнімін әкетуге рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 23 маусым № 927 (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 23 июня 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2008

Уран өнімін әкетуге рұқсат беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 маусым № 927 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және «Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ЖАҚ) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК" ЖАҚ, "Үлбі металлургиялық зауыты" ашық акционерлік қоғамы мен Ньюкем, Инк. және Ньюкем Ньюклеа ГмбХ компаниялары арасында Вестингхаус үшін қайта өңделген уран өнімін сатып алу-сатуға 1998 жылғы 17 маусымдағы келісім-шарттағы мөлшерде және ережелеріне сәйкес уран диоксидінің ұнтағы мен таблеткасы түрінде қайта өңделген, 235-уран изотопы бойынша 4,5 пайыздан асырмай байытылған уран өнімін (СЭҚ ТН кодтары 2844 20 290 және 2844 10 390) Қазақстан Республикасынан Америка Құрама Штаттарына әкетуге рұқсат берілсін.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ-на көрсетілген өнімнің экспортына заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялар берсін.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс минстрлігінің Кеден комитеті мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ядролық материалдардың әкетілуін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі 
     
     
                
                    
                    
     

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом