Бастауыш кәсіптік білім ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін
нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы
15 мамырдағы № 463 Бұйрық
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2005.10.03. № 145 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 1013 "Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса тiркелген (№ 1, 2 қосымшалар) бастауыш кәсiптiк білім ұйымдарының қызметін тәртіпке келтiретiн нормативтiк-құқықтық актiлер бекітілсiн:
1) Қазақстан Республикасы кәсiптiк мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы Ереже;
2) Қазақстан Республикасы кәсiптiк лицейлерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы Ереже.
2. Бастауыш және орта кәсiптiк білім департаментi (Қ. Лекер) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге ұсынсын.
3. Облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттерi) меншiк және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы бұйрықты барлық бастауыш кәсiптiк ұйымдарының басшыларына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.С. Ахметовке жүктелсін.
Министрдің міндетін
атқарушы
Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 15 мамырдағы № 463
бұйрығына қосымша № 1