Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1248 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 тамыз N
1215
"АКПО" акционерлік қоғамының конкурстық iс жүргiзуін тиiмдi аяқтау мақсатында және оның мемлекеттің экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "АКПО" акционерлік қоғамы (Ақтау қаласы) туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 1248 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"әкiмшiлiк шығындар мен бiрiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы мiндеттемелердiң төленбеген бөлiгiнің сомасына тең лот үшiн ең төменгi бағаны;
заңнаманың талаптарын ескере отырып бiр ғана қатысушы жағдайында өткен лот бойынша сауда-саттықты тану мүмкiндiгiн";
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Конкурстық массаны сатып алушыларға:
2000 жылғы 1 желтоқсанға полистирол өндiрiсiн жаңарту үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап объектi мен қызметшiлердi ұстау жөніндегі барлық шығындарды төлеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
сатып алу-сату шартының ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасының Энергетика индустрия және сауда министрлігімен келiсілген кесте бойынша үшінші кезектегi кредиторлардың талаптарын өтеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
сатып алушыда кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiн жаңғырту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен келісілген инвестициялық бағдарламаның болуына қосымша талаптар көзделсін.";
3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын бақылауды қамтамасыз етсін."
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі