Введите номер документа
Прайс-лист

Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезінде уақытша қорғаныштық шараларды қолдану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 тамыздағы № 1291 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 22 августа 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 марта 2008

Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезiнде уақытша
қорғаныштық шараларды қолдану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 22 тамыздағы № 1291   қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды

 

«Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және iшкi рынокта тең бәсекелестiк жағдай жасау, экономикалық ахуалды тұрақтандыру және отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегі комитетi қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн, заңнамада белгiленген тәртiппен, осы қаулыға қосымшада көрсетiлген тауарлардың импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортына алты ай мерзiмге уақытша қорғаныштық шаралар енгiзiлсiн.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi тауарлардың импорты кезiнде осы қаулыға қосымшада көрсетiлген мөлшерде уақытша қорғаныштық баж алсын.

5. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне анықтаудың басталатындығы және Қазақстан Республикасының уақытша қорғаныштық шаралар қолданатындығы туралы хабарласын.

6. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

     

                                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                 2000 жылғы 22 тамыздағы № 1291

                                         қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін,

оларға қатысты анықтау басталатын және

уақытша қорғаныштық баждар енгізілетін

тауарлардың тізбесі

 

------------------------------------------------------------------
      Тауардың атауы        ТМД СЭҚ ТН          Уақытша
                             бойынша           қорғаныштық
                           тауардың коды     баждың ставкасы
                                              (кедендік құнынан
                                               %-бен)
------------------------------------------------------------------
           1                   2                    3
------------------------------------------------------------------     
 Түсқағаз және бет жағы       481420000               25
 түйiршiктi, батыра
 басылған, боялған,
 өрнектелген немесе өзге
 тәсiлмен полимерлiк
 материалдың қабатымен
 безендiрiлген қағаздан
 тұратын осындай
 қабырғалық жабынғы
     
 Түсқағаз және бет жағы       481430000               25
 параллельдi иiрiлумен
 немесе матаға
 байланыстырылған
 немесе
 байланыстырылмаған
 тоқылған материалмен
 жабылған осындай
 қабырғалық жабынғы
 
 Түсқағаз және мөлдiр         481490100               25
 қорғанышты полимерлiк
 материалмен қапталған
 түйiршектi, батыра
 басылған, боялған,
 өрнектелген немесе өзге
 де тәсiлмен безендiрiлген
 осындай қабырғалық жабынғы
 
 Алюминий катанкiлерiнен     761410000                15
 басқа электрлiк             761490000
 айырымсыз кесiндiсiнiң
 мөлшерi 16-дан 500 мм2
 дейiнгi сым*
 
 Өткiзгiшiнiң кесiндiсi 1,5- 854459100-ден            20
 тен 240 мм2 дейiнгi         854459800-ден
 қуаттық кабель
 
 Өткiзгiшiнiң кесiндiсi      854459100-ден             20
 1-ден 10 мм2 дейiнгi        854459800-ден
 бақылау кабелi
 
 Өткiзгiшiнiң кесiндiсi      854459100-ден             20
 1-ден 120 мм2 дейiнгi       854459800-ден
 орнату сымы
 

*Тауарлардың номенклатурасы кодпен де тауардың атауымен де айқындалады. Техникалық параметрлері мен белгіленген жағдайларда жұмысқа арналуы тиісті жазбамен куәландырылуы керек.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом