Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1526 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 14 октября 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 июля 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы №
1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1526 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

1999 жылғы 15 желтоқсанда Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) қол қойылған Еуропалық Қауымдастық (ЕҚ) пен КБЕБ туралы халықаралық келісімдерде көрсетілген болат бұйымдарының Қазақстаннан ЕҚ-ға экспортына қатысты сандық шектеулерсіз қосарлы бақылау жүйесін белгілейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Бірлестік арасындағы хат алмасу нысанындағы келісімді іске асыру және Қазақстан мен ЕҚ арасындағы өзара сауданы кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

     1) мынадай мазмұндағы 8-қосымшамен толықтырылсын:
     
                                             "Қазақстан Республикасы 
                                              Үкіметінің 1997 жылғы 
                                              30 маусымдағы
                                              № 1037 қаулысына 
                                              8-қосымша
     
             Экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық
           міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар
               бойынша жүзеге асырылатын тауарлар тізбесі
--------------------------------------------------------------------
     Тауардың атауы       СЭҚ ТН коды            Негіздеме     
--------------------------------------------------------------------
           1                   2                      3
--------------------------------------------------------------------
Ені 500 мм-ден            7211 23 990     1999 жылғы 15 желтоқсанда
аспайтын                  7211 29 500     Брюссель қаласында (Бельгия 
орамдардағы               7211 29 900     Корольдігі) қол қойылған
көміртекті болаттан       7211 90 900     Еуропалық Қауымдастық (ЕҚ) 
жасалған жалпақ прокат                    пен КБЕБ туралы халықаралық
                                          келісімдерде көрсетілген болат
                                          бұйымдарының Қазақстаннан
                                          ЕҚ-ға экспортына қатысты
                          7211 23 910     сандық шектеулерсіз қосарлы
Бағдарланбаған                            бақылау жүйесін белгілейтін
түйіршікті электр-        7225 19 100     Қазақстан Республикасының      
техникалық болаттан                       Үкіметі мен Еуропалық
жасалған жалпақ                           Бірлестік арасындағы хат алмасу
прокат                    7226 19 100     нысанындағы келісім
                          7226 19 300
                          7226 19 900
 
Бағдарланған              7226 11 900
түйіршікті электр-
техникалық
кремнийлі болаттан
жасалған жалпақ прокат";          
 

2) 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі (8-қосымша)".

3) 3-тармақта:

"тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар" деген сөздерден кейін ", экспортқа құжаттар" деген сөздермен толықтырылсын;

"2-6 деген цифрлардан кейін ",8" деген цифрмен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының күшіне енгендігі туралы ЕҚ-ны хабардар етсін және Еуропалық Қауымдастық комиссиясына пайдаланылатын мөрлер мен қол қою үлгілерін қоса алғанда, экспортқа арналған құжаттарды беруге және тексеруге уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының атаулары мен мекен-жайларын жіберсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

          
                  
                  
     
     

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами