Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімді және 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 ақпандағы № 189 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1997 жылғы 11 маусымда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісім;
2000 жылғы 2 қарашада Бішкек қаласында жасалған 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Тауарларды экспорттау және импорттау кезінде акциз салығын өндіріп алудың қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі