Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының № 1 дәрiханасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 312 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 1 марта 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 1 марта 2001
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының № 1 дәрiханасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 312 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының № 1 дәрiханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының оны Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) етiп белгiлеу туралы ұсынысына келісім берiлсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы дәрi-дәрмектердi, дәрiлiк заттар мен емдеу құралдарын, медициналық жабдықтар мен аспаптарды дайындау және сату болып белгiленсiн.

4. Уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлеп, бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом