Введите номер документа
Прайс-лист

Мемлекетке ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы мен өсімдік шаруашылығы өнімінің басқа да түрлерін сатқаны үшін алмастыра құрама жем сату нормасын реттеу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 2 шілдедегі № 570 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 2 июля 1992
Статус
Утратил силу

Мемлекетке ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы мен өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң басқа да түрлерiн сатқаны үшiн алмастыра құрама жем
сату нормасын реттеу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1992 ж. 2 шiлдедегі № 570 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды

Совхоздардың, колхоздардың, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, қожалық және басқа шаруашылықтардың өндiрiс көлемiн арттыруға және еңбектi барынша көп қажет ететiн ауыл шаруашылығы дақылдарының сортты, буданды тұқымдары мен өсiмдiк шаруашылығының товарлы өнiмiнiң басқа да түрлерiн мемлекеттік ресурсқа сатуға материалдық мүдделiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. 1992 жылдың өнiмiнен бастап мемлекетке жүгерiнiң сортты және буданды тұқымын, оның будандары мен сорттарының аталық түрлерiн, қант қызылшасының, майлы, жемiс дақылдары мен шөптердiң тұқымын, сондай-ақ сыра қайнататын арпа, тұқымдық күрiш, қарақұмық дәнiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң басқа да түрлерiн қосымшаға сәйкес сатқаны үшiн, меншiк түрiне қарамастан, колхоздарға, совхоздарға, қожалық, басқа да ауыл шаруашылық кәсiпорындарына және ғылыми-зерттеу мекемелерiне республикалық қордан құрама жем мен дән қалдығын (күнжара) алмастыра сату көлемi белгiленсiн.

2. Ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, олардың тәжiрибе-өндiрiстiк шаруашылықтарының, ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары оқу-тәжiрибе шаруашылықтарының, совхоз-техникумдардың және элиттi тұқым өсiретiн шаруашылықтардың тiкелей совхоздарға, колхоздар мен басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарына өсiрiлетiн ауыл шаруашылық дақылдары мен жоғары репродукциялы шөптердiң сортты және буданды тұқымын сатқаны үшiн оларға алмастыра құрама жем сату осы қаулыда белгiленген мөлшерде жүзеге асырылсын.

3.

3-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нiң 1993.12.14. № 1250 қаулысымен.

4. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің "Фабрикалық қант қызылшасын өндiру мен сатып алуды арттыруда колхоздардың, совхоздардың, басқа да шаруашылықтардың және көлiк ұйымдарының материалдық мүдделiлiгiн арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1991 жылғы 30 қыркүйектегi № 574 қаулысының 2 тармағы (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., № 22, 166 ст.) мынадай жаңа редакциямен берiлсiн:

"2. Қант заводтарына 1992 жылдың өнiмiнен бастап қызылша өсiретiн шаруашылықтарға қалыптасқан баға бойынша фабрикалық қант қызылшасының мемлекетке сатылған әр центнерi үшiн 70 килограмнан жас сығынды және 1,5 килограмнан сiрне сатуға рұқсат етiлсiн."

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1992 жылғы 2 шiлдедегi № 570

қаулысына

Қосымша

Мемлекетке ауыл шаруашылығы дақылдарының сортты

және буданды тұқымын және өсiмдiк шаруашылығы

өнiмдерiнiң басқа да түрлерiн сатқаны үшiн колхоздарға,

совхоздарға, ғылыми-зерттеу мекемелерiне, қожалық және

басқа да ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына құрама

жем мен дән қалдығын алмастыра сату

Нормасы

(Кесте)

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом