Введите номер документа
Прайс-лист

Балалар тауарларын қосылған құнға салынатын салықтан босату туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 12 тамыздағы № 673 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 12 августа 1992
Статус
Утратил силу

Балалар тауарларын қосылған құнға салынатын салықтан босату туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 12 тамыздағы № 673
қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды

"Қосылған құнға салынатын салық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. 1992 жылдың 1 қазанынан бастап қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және халыққа сатылатын балалар тауарлары түр-түрiнiң осыған қосылған Тiзбесi бекітілсiн.

2. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын сауда кәсiпорындары мен ұйымдары сауданың қосымша құнға салынатын салық жөніндегі бюджетпен өзара есеп айырысуына өзгерістер енгізу есебiнен балалар тауарлары түр-түрiнiң қалдықтарын қайта бағалайтын болсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1992 жылғы 12 тамыздағы

№ 673 қаулысымен

Бекiтiлген

Қосылған құн салығынан босатылатын

балалар тауарлары түр-түрiнiң

Тiзбесi

Тiгiн бұйымдары (таза жүн мен табиғи жiбек маталардан жасалған бұйымдардан басқалары)

Сыртқы трикотаж (таза жүннен иiрiлген бұйымдардан басқалары)

Iш киiмдiк трикотаж

Нәрестелерге арналған iш киiм

Шұлық-ұйық бұйымдары

Бас киiм, шарф, қолғап

Аяқ киiмнiң барлық түрлерi

Портфель, ранец, жасанды терiден жасалған оқушы сөмкелерi

бас киiмдердiң барлық түрлерi, оның iшiнде мехтан тiгiлген

Арбашалар, велосипедтер, спорт жабдықтары

Ойыншықтар

Оқушы дәптерлерi, сурет салатын альбомдар, кiтаптар

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом