Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғауға байланысты шетелдік өтінім берушілердің заңдық маңызы бар әрекеттері үшін алынатын баж салығын төлеу тәртібі мен мөлшері туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 6 сәуірдегі № 266 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 6 апреля 1993
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн
қорғауға байланысты шетелдiк өтiнiм берушiлердiң заңдық
маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртібі
мен мөлшерi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1993 ж. 6 сәуiрдегі № 266 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы № 1139 қаулысымен күші жойылды

Шетелдiк азаматтар мен фирмаларды өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарын алуға мүдделi ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өтiнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеудiң осыған қосылған тәртібі мен мөлшерi бекітілсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1993 жылғы 6 сәуірдегі

№ 266 қаулысымен

Бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп

меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк

өтiнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi

үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртібі

мен мөлшерi

Баж салықтарының мөлшерi АҚШ долларымен белгiленген және сол кездегi АҚШ доллары жөнiнде қолданылып жүрген курсын ескере отырып басқа да валютамен төленуi мүмкiн.

Баж салықтарын шетелдiк өтiнiм берушiлердiң Қазақстан Республикасында өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты мынадай заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы төлеттiредi: (*)

* Кестенiң аудармасы жоқ, кестенi орысшадан қараңыз.

Патенттiң немесе алдын ала патенттiң толық жыл бойы қолданылуы үшiн жылдық баж салығы төленедi. Өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патенттi, пайдалы модельге патенттi күшiнде сақтау үшiн жылдық баж салығының бiрiншi жарнасы қорғау құжатын беру үшiн төленетiн баж салығымен бiр мезгiлде төленедi.

Өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне патенттi күшiнде сақтау үшiн жылдық баж салығының бiрiншi жарнасы патент беруге төленетiн баж салығымен бiр мезгiлде төленедi.

     Алдын ала патенттiң немесе патенттiң әрбiр келесi жылда
қолданылуы үшiн баж салығы тиiстi қорғау құжаты қолданылып
жүрген жыл өтпей тұрып төленедi.

Жылдық баж салығы белгiленген мерзiмнен кейiн, бiрақ одан кейiн 6 айдан кешiктiрмей төленген жағдайда баж салығының мөлшерi 50 процент арттырылады. Төлеу мерзiмiн 6 айдан асырып алған кезде өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патенттiң, өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне және пайдалы модельге патенттiң қолданылуы тоқтатылады.

Кез келген адамға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру үшiн Қазпатентке тиiстi арыз берiлген болса, патенттi күшiнде ұстағаны үшiн баж салығы осы арыз жарияланған күннен бастап 50 процентке азайтылады.

     Ескерту. Тәртiптiң 2-абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
              1996.08.20. № 1031 қаулысымен.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом