Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 23 маусым 1993 ж. № 533 қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 23 июня 1993
Статус
Действующийвведен в действие с 23 июня 1993
Дата последнего изменениясреда, 23 июня 1993

Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 23 маусым 1993 ж. № 533 қаулысы

 

Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясын («Мир» МТРК) құру туралы 1992 жылғы 9 қазандағы Бiшкек қаласында Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы мемлекеттерi басшыларының қол қойған Келісімiн, сондай-ақ осы мемлекеттер үкiметтерiнiң Минск қаласында 1992 жылғы 22 қаңтар мен 1993 жылғы 28 сәуiрде бiрлесiп қол қойған шешiмдерiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Жабық түрдегi акционерлік қоғам ретіндегі Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясын құру туралы Құрылтайшылар шарты мен 1993 жылғы 11 қаңтардағы Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясы құрылтайшылары жиналысының хаттамасы бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасында Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Ұлттық филиалы құрылсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі құрылтай құжаттарына сәйкеc:

республиканың 1993 жылғы бюджетiн дәлдеген кезде «Мир» МТРК-сын қаржыландыру жөніндегі үлестiк қатысуға арналған 438,8 млн. сомадағы шығыс, соның iшiнде Қазақстан Республикасының МТРК-ның жарғылық қорына акционерлік салым үлесiне енгiзуге арналған 200 миллион сом, телерадиобағдарламаларын даярлау мен «Мир» МТРК-сын ұстатуға 234,8 млн. сом қарастыратын болсын;

«Мир» МТРК-ның Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесi белгiлеген хабар тарату көлемiне сәйкес, сондай-ақ ресейлiк сомның құнсыздануын ескере отырып, «МИР» МТРК-ның ағымдағы қызметiн қаржыландыруға үлестiк қатысуға арналған шығысты Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде мұнан былай да жыл сайын көздеп отыратын болсын.

ҚР Үкіметінің 09.04.98 ж. № 306 қаулысымен 4,5,6,7-тармақтар алынып тасталды

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом