Введите номер документа
Прайс-лист

Фабрикалық қант қызылшасын өндіруді ұлғайтуға және оны мемлекет мұқтажының есебіне барынша мол тартуға колхоздардың, совхоздардың, басқа шаруашылықтар мен көлік ұйымдарының материалдық ынталылығын арттыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 30 маусымдағы 560 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 30 июня 1993
Статус
Утратил силу

Фабрикалық қант қызылшасын өндiрудi ұлғайтуға және оны мемлекет
мұқтажының есебiне барынша мол тартуға колхоздардың, совхоздардың, басқа
шаруашылықтар мен көлiк ұйымдарының материалдық ынталылығын арттыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 ж. 30 маусымдағы 560 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Республиканың қант зауыттарына кейiн колхозшыларға (совхоз жұмысшыларына) және басқа қызметкерлерге сату үшiн 1993 жылдың өнiмiнен бастап колхоздарға, совхоздарға және басқа шаруашылықтарға мемлекет мұқтажына олар сатқан әрбiр центнер фабрикалық қант қызылшасына 500 грамм есебiмен еркiн көтерме-босату бағасы бойынша, сондай-ақ қант қызылшасын колхоздар мен совхоздардың алқаптарынан қызылша қабылдау пункттерiне тасыған көлiк ұйымдары мен шаруашылықтардың қызметкерлерiне әрбiр тонна-километр үшiн 6 грамнан қант сатуға рұқсат етiлсiн.

2. Өткiзушiлердiң меншiгіндегі сырттан берiлетiн шикiзаттан өндiрiлетiн қанттың жалпы көлемiнiң 15 проценттен аспайтынын қант заводы көтерме бағамен, сондай-ақ шаруашылықтар мен қант заводтары арасындағы шартпен белгiленген сығынды мен сiрне мөлшерiн шартты бағамен сатады деп белгiленсiн.

3. 1993 жылдың өнiмiнен бастап қант зауыттарына қант қызылшасын сақтау және өңдеу барысында болатын шығын мөлшерiн азайту, қантты сiрнеде ұстау уақытын қысқарту, сондай-ақ тазартылмаған қантты өңдеу кезiнде жоспарланғаннан тыс нақты қант алуды ұлғайту есебiнен алынған қантты өз қызметкерлерiне сатуға және кәсiпорынның басқа да мұқтаждарына (көтерме-босату бағасымен) пайдалануға рұқсат етiлсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазтамақөнiмi" тамақ өнеркәсiбi мемлекеттік-кооперативтiк бiрлестiгiмен бiрлесiп қызылша шаруашылығында қолданылып жүрген нормативтердi ескере отырып, бiр апта мерзiмде сырттан берiлетiн негiздегi қант қызылшасын қабылдау және ол үшiн өзара есеп айырысу шарттарын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен келiсетiн болсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом