Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасыныңң Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 9 қыркүйектегі № 853 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 9 сентября 1993
Статус
Утратил силу

"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасының заңын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 9 қыркүйектегі № 853 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды

"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 сәуірдегі № 2087-XII Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен экономика министрлігі, жергiлiктi әкiмдер:

шет елдердiң сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ құрылтайшыларының (қатысушылардың) құрамында шет ел кәсiпорындары, шетелдiк қатысатын заңды ұйымдар және шетелдiк азаматтар оның iшiнде жақын шетелдiктер де бар сақтандыру кәсiпорындарының филиалдарын, өкiлдiктерiн, агенттiктерi мен басқа да құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудi тоқтатсын;

тiркелiп қойылған сақтандыру кәсiпорындарын тексерсiн және оларға өз құрылтайшыларының (қатысушыларының) құрамын үш айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының аталған Заңының талаптарына сәйкестендiрудi мiндеттейтiн болсын.

2. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн министрлiктер, ведомстволар, қауымдастықтар, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiмен шұғылданатын шет ел азаматтарымен, шетелдiк заңды ұйымдармен және шетелдiк қатысатын бiрлескен кәсiпорындармен сақтандыру жөнiнде бұрын жасалған шарттарды 1994 жылдың 1 қаңтарына дейiн қайта қарауды қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі бiр айлық мерзiмде шет ел инвесторларымен контракттарды тiркеу туралы ереженi әзiрлеп, онда Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген және жұмыс iстейтiн шет елдiң заңды ұйымдарының немесе шетелдiк қатысатын заңды ұйымдардың мiндеттерi көрсетiлмеген болса, аталған контракттардың тiркеуге, Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру кәсiпорындарымен сақтандыру, шарттарын жасасуға жатпайтынын көздейтiн болсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом