Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы 1993 жылғы 10 желтоқсандағы № 2576-XII Қазақстан Республикасының Заңы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 10 декабря 1993
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша
қосымша өкiлеттiк беру туралы 1993 жылғы 10 желтоқсандағы № 2576-XII
Қазақстан Республикасының Заңы

2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 12-III Қазақстан Республикасының Заңымен күші жойылды

1-бап. Қазақстан Республикасының Президентiне Конституцияның негiзiнде және соған сәйкес жаңадан сайланатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанға дейiнгi мерзiмге заң күшi бар құжаттар шығару құқығы берiлсiн.

Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдары қабылданғанға дейiн қолданыла бередi деп белгiленсiн.

2-бап. Қазақстан Республикасының Президентiне жаңадан сайланатын Жоғарғы Кеңес бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанға дейiнгi мерзiмге және кейiн сол сессия бекiтетiндей етiп қажет болған жағдайда Жоғарғы Кеңестiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 64-бабының 12-15, 18 және 20-тармақтарында көзделген өкiлеттiгiн жүзеге асыру құқығы берiлсiн.

3-бап. Қазақстан Республикасының Президентiне жаңадан сайланатын Жоғарғы Кеңес бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанға дейiнгi мерзiмге Конституцияның 78-бабының 3, 7 және 16-тармақтарында көзделген өкiлеттiктi дербес жүзеге асыру құқығы берiлсiн.

4-бап. Қазақстан Республикасының Президентiне 1994 жылдың 1-тоқсанын ерекше бөле отырып 1-жартыжылдыққа арналған аванстық республикалық бюджеттi бекіту, кейiн оны жаңадан сайланатын Жоғарғы Кеңес бiрiншi сессиясының қарауына тапсыру құқығы берiлсiн.

5-бап. Жергiлiктi әкiмдерге 1994 жылдың 1-тоқсанын ерекше бөле отырып 1-жартыжылдыққа арналған тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiктердiң аванстық бюджеттерiн бекіту, кейiн оларды жаңадан сайланатын тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдардың қарауына тапсыру құқығы берiлсiн.

6-бап. Облыстың әкiмдерiне қазiргi бар ауылдық, селолық Кеңестер шегiнде өзiне бiрнеше елдi мекендердi қамтитын ауылдық (селолық) округтар құру құқығы берiлсiн.

Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

Н. Назарбаев




























 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом