Введите номер документа
Прайс-лист

Дәрілік заттар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 қарашадағы № 2655 Заң күші бар Жарлығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 23 ноября 1995
Статус
Утратил силу

Дәрiлiк заттар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы 23 қарашадағы № 2655 Заң күшi бар Жарлығы

ҚР 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522-ІІ Заңымен күші жойылды

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және дәрiлiк заттарды әзiрлеудiң, өндiрудiң, импорттаудың, экспорттаудың және өткізудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн нығайту, сондай-ақ халықтың қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк көмек алуына кепiлдiк беру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

I Тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Жарлықта пайдаланылған негiзгi ұғымдар

"Дәрiлiк заттар" (емдiк-дәрi-дәрмек) - ерекше фармакологиялық қасиетi бар, алыну негiзi әртүрлi (өсiмдiктен, мал өнiмiнен, синтетикалық, минералдық, биотехникалық жолмен және басқаша) заттар, әрi дерттердiң алдын алу, диагноз қою және ауруларды емдеу үшiн қолданылатын осы заттардың дәрiлiк түрлерi.

Дәрiлiк заттарға дәрiлiк заттардың құрамдас бөлiгi болатын заттар, олардың дәрiлiк түрлерi, адам ағзасының iшiнде немесе денесiнде уақытша немесе ұзақ сақталуға тиiс заттар мен минералдар, сондай-ақ дерттердiң диагнозын қою, алдын-алу, емдеу үшiн қолданылатын емдiк - алдын алуға арналған тамақ өнiмдерi, тағамдық қоспалар, бұйымдар, жабдықтар, аспаптар теңестiрiледi.

"Дәрiлiк заттар пайдалану" - жаңа дәрiлiк заттарға, субстанцияларға ғылыми iздестiрулер жүргiзу әрi әзiрлемелер жасау, дәрiлердiң түрлерiн даярлау, дайындау, өңдеу, ұқсату, орау немесе дәрiлiк заттарды алуға бағытталған басқа iс-әрекет жасау, сондай-ақ оларды сату, үлестiру және айналымға қосудың басқа тәсiлдерi, сатып алу, қолдану, сақтау, тарату, қайта өңдеу және жою.

"Фармацевтiк қызмет" - дәрiлiк заттарды өндiру, ұқсату, сатып алу, сақтау, тарату, сату, дәрiлiк шикiзат жинау және дайындау.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом