Введите номер документа
Прайс-лист

Электр энергиясына арналған тарифтер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 26 қаңтар № 102 (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 26 января 1996
Статус
Утратил силу

Электр энергиясына арналған тарифтер туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 26 қаңтар № 102

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысының 2-тармағының талаптары ерекшелiк ретiнде қаралып, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі мен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi электр энергиясына қолданылып жүрген тарифтердi 1996 жылдың 1 ақпанынан бастап орта есеппен 4 процентке арттырсын.

2. Ұлттық электр жүйесiне жалғасқан тұтынушыларға электр энергиясын босату "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесiнiң көтерме тарифы бойынша жүргiзiледi деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде энергетика саласындағы әлеуметтiк-мәдени объектiлердiң жекешелендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.

Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, облыстардың әкiмдерi 1996 жылдың 1 наурызынан бастап 1 шiлдесiне дейiн әлеуметтiк-мәдени саланың қалған объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдар балансына берудi жүзеге асырсын.

Бiрiншi кезекте Екiбастұз ГРЭС-1, Ермак ГРЭС, "Южказэнерго" Оңтүстiк Қазақстан энергетика жүйесi, "Целинэнерго" Тың энергетика жүйесi, "Атырауэнерго" Атырау энергетика жүйесi әлеуметтiк-мәдени саласының объектiлерi берiледi деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi:

бiр ай мерзiмде судың, мазуттың, газдың бағасының негiзсiз өсуiне шек қою жөнiнде жұмыс жүргiзсiн және қабылданған шаралар туралы Үкiметке мәлiмдесiн;

ағымдағы жылдың I тоқсанында жергiлiктi жерлерге барып электр энергиясының өндiрiсiне кететiн шығынның нақты деңгейiне тексерiс жүргiзсiн және 1 мамырда Үкiметке мәлiмдесiн.

5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, мемлекеттік Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігінiң инвестициялық жобалар жөніндегі ұсыныстарын қарасын және бiр ай мерзiмде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.

     6. 1996 жылғы 1 ақпаннан бастап:

"Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1033 қаулысының 6-тармағындағы екiншi абзацтың;

"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1033 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 қыркүйектегi № 1268 қаулысының үшiншi абзацының;

"Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 6 қазандағы № 1311 қаулысының 1, 2-тармақтарының, 4-тармағындағы бiрiншi және екiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом