Введите номер документа
Прайс-лист

Педагогикалық қызметкерлердің жекелеген санаттарына оқу /педагогикалық/ жүктемесі нормасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 ж. 2 қыркүйектегі № 1078 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 2 сентября 1996
Статус
Утратил силу

Педагогикалық қызметкерлердiң жекелеген санаттарына оқу
/педагогикалық/ жүктемесi нормасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы кіметінiң 1996 ж. 2 қыркүйектегі № 1078 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 665 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

"Қазақстан Республикасының білім беру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2829 Заң күшi бар Жарлығын /Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 183-бап/ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

ЕСКЕРТУ. Кiрiспеден сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.02.06. № 170 қаулысымен.

1. 1996/97 оқу жылына арналған жалпы білім беретiн орта және кәсiби-техникалық мектептердiң мұғалiмдерi мен оқытушылары үшiн мынадай мөлшерде оқу /педагогикалық/ жүктемесi бекітілсiн:

жалпы білім беретiн орта мектептiң алғашқы басқыш мұғалiмдерi үшiн - аптасына 20 сағат;

жалпы білім беретiн орта мектептiң екiншi және үшiншi басқыш мұғалiмдерi мен кәсiби-техникалық мектептердiң оқытушылары үшiн - аптасына 18 сағат.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.26. № 1448 қаулысымен.

2. Аталған өзгертулер білім беруге және кадрларды 1996/97 оқу жылының үшiншi тоқсанынан бастап кәсiби даярлауға арналып 1996 жылы бөлiнген бюджеттік қаражат шегiнде жүргiзiлсiн. Артылған қаражат олардың нақтылы оқу жүктемесiне байланысты аталған педагогикалық қызметкерлердiң санаттарына үстемеақы, қосымша ақы төлеуге бағытталсын.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлсiн - ҚРҮ-нiң 1996.11.26. № 1448 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом