Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заң күші бар Жарлығының 149-бабына толықтырулар енгізу туралы 1996 ж. 22 қарашадағы № 47-I Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датапятница, 22 ноября 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 22 ноября 1996
Дата последнего измененияпятница, 22 ноября 1996

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы
кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 149-бабына толықтырулар
енгізу туралы 1996 ж. 22 қарашадағы № 47-I Қазақстан Республикасының
Заңы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 Заң күшi бар Жарлығының 149-бабы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13, № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат) мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

"12) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген, бюджеттік ұйымдардың өз мұқтаждары үшiн мемлекет бюджетiнiң қаражаты есебiнен сатып алған тауарлары, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк несие желiлерi бойынша сатып алынған тауарлар;

13) Қазақстан Республикасында шығарылмайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша жаңа өндiрiстердi құру және бұрын бар өндiрiстердi жаңғырту (қайта құру) жөніндегі жеке бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн қажеттi технологиялық жабдықтар мен жұмыс машиналары".

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н.Ә. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом