Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақ мемлекеттік заң университетінде әскери кафедра құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 наурыздағы № 412 Қаулысы (2006.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датавторник, 25 марта 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 25 марта 1997
Дата последнего изменениявторник, 25 марта 1997

Қазақ мемлекеттік заң университетiнде әскери кафедра құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25
наурыздағы № 412 Қаулысы

(2006.24.05. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақ мемлекеттік заң университетiнiң студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жүйесiне запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақ мемлекеттік заң университетiнде әскери кафедра құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп:

әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;

әскери кафедраны профессор-оқытушылар құрамы мен қосымша-оқу қызметкерлерiмен толықтырылсын;

әскери даярлық бейiнiн ескере отырып оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн;

әскери кафедраның оқу-материалдық базасын жинақтасын.

3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлық бейiнiне және оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiктермен қамтамасыз етсiн.

4. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом