Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығына инвестициялық жекешелендіру қорлары акционерлерінің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу мәселесі бойынша толықтырулар енгізу туралы 1997 жылғы 14 шілдедегі № 159 Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датапонедельник, 14 июля 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 14 июля 1997
Дата последнего измененияпонедельник, 14 июля 1997

Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серiктестiктерi
туралы" заң күшi бар Жарлығына инвестициялық жекешелендiру
қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналысын әзiрлеу мен өткізу
мәселесi бойынша толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
заңы 1997 жылғы 14 шiлдедегi № 159

Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

65-бапта:

1) 1-тармақтың оныншы азатжолы "барлық акционерлер даусының" деген сөздердiң алдынан "акционерлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң дауыс беруге қатысқан санының кемiнде үштен екi даусымен қабылданған инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерi жалпы жиналыстарының шешiмдерiнен өзге" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 4-тармақтың екiншi азатжолы "жай акциялардың" деген сөздердiң алдынан "инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнен өзге" деген сөздермен толықтырылсын;

3) 6-тармақтың бiрiншi азатжолы "дауыстың он процентiнен" деген сөздердiң алдынан "акционерлердiң дауыс беруге қатысқан кез келген мөлшерi жағдайында құқылы деп танылған инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналыстарынан өзге" деген сөздермен толықтырылсын;

     4) мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

"6. Инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналысында дауыс беру - сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдердi жiберу (тарату), оларды акционерлер немесе олардың заңды өкiлдерi толтырып, инвестициялық жекешелендiру қорының атына жiберу жолымен сырттай немесе аралас (сырттай дауыс берумен толықтырып, көзбе-көз) дауыс беру нысанында өткiзiледi.

Сырттай және аралас дауыс берудi өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi".

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом