Введите номер документа
Прайс-лист

Өнімді табиғи нысанда бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилері мен үлестерін белгілеу және оны төлеудің тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қыркүйектегі № 1329 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 12 сентября 1997
Статус
Утратил силу

Өнiмдi табиғи нысанда бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан
Республикасының роялтилерi мен үлестерiн белгiлеу және оны
төлеудiң тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 12 қыркүйектегi № 1329 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы салықтар мен төлемдерiнiң мемлекеттік бюджетке толық түсуiн, оның iшiнде өнiмдi табиғи нысанда бөлу туралы келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн және оны төлеудi реттеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қоса берiлiп отырған Өнiмдердi табиғи нысанда бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртібі бекітілсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
 
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінiң
                                       1997 жылғы 12 қыркүйектегi
                                          № 1329 қаулысымен
                                             бекітілген
 

Өнiмдердi табиғи нысанда бөлу туралы келісім-шарттардағы

Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн

белгiлеу және оны төлеудiң тәртібі

1. Тараптардың қосымша келісімдерiнiң негiзiнде өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттарда, Қазақстан Республикасының роялти және үлестерiнiң ақшалай нысандағы төлемi жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт бойынша қызметтердi жүзеге асыру барысында төлемнiң табиғи нысанына алмастырылуы мүмкiн.

2. Тараптардың қосымша келісім оған қол қойылған сәтке дейiн мiндеттi тәртiпте құқықтық және салықтық сараптамадан өтедi.

3. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда белгiленген өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерiн немесе үлестерiн ақшалай төлеу нысаны уақытша толық немесе iшiнара ауыстырылуы мүмкiн.

4. Өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерiн және үлестерiн табиғи төлеу нысаны ақшалай төлем нысанындағы осы төлемге арналған келісім-шартта баламды белгiленген болуы керек.

5. Өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн табиғи нысанда төлеудi белгiлеу кезiнде төлеу тәртібінiң сипаттамасында мыналар мiндеттi түрде көрсетiледi:

республиканың роялтилерi мен үлестерiне жататын өнiмдердiң бөлiгiн мемлекет атынан алушы (бұдан әрi - алушы);

жеткiзу пунктi мен шарттары.

6. Өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерi төлемiнiң есебiне берiлетiн өнiмдердi жер қойнауын пайдаланушылар беру мерзiмi, ақшалай нысанда төлеу үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта белгiленген осы төлемдердi төлеу мерзiмiнде (бұдан әрi - төлемдердi төлеу мерзiмi) сәйкес келуi керек. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi, алушы мұндай алыс-берiске бiршама кеш мерзiм тағайындалғаннан басқа жағдайларда, төлемдердi төлеу мерзiмiнен кешiктiрмей алушыға бередi.

7. Алушы, төлемдердi төлеу мерзiмiнде, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың ережелерiне сәйкес жер қойнауын пайдаланушы есептеген өнiмдердi ақшалай нысанда бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiнiң сомаларын мемлекеттік бюджетке аударады.

8. Алушы, өнiмнiң тиiстi көлемiн оған жер қойнауын пайдаланушының уақытылы әрi толық бергендiгiне бақылауды дербес жүзеге асырады.

9. Жер қойнауын пайдаланушы мен алушы, өнiмдердi табиғи нысанда бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн төлеу (беру) мөлшерi мен мерзiмi туралы есептi салық органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң құзыреттi органы тағайындаған мерзiмде және нысан бойынша тапсырады.

10. Алынған өнiмдер үшiн қаражаттарды бюджетке уақтылы әрi толық аударудағы тәртiптi бұзғандығы үшiн алушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами