Введите номер документа
Прайс-лист

Коммуналдық қызмет көрсетулер үшін төлем ақы белгілеудің тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 29 қыркүйек № 1377 (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 29 сентября 1997
Статус
Утратил силу

Коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлем ақы белгiлеудiң тәртібі
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы
29 қыркүйек № 1377

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Коммуналдық қызметтiң халыққа арналған тарифтерiн белгiлеудiң мынадай тәртібі енгiзiлсiн:

     Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи
монополияшыларының мемлекеттік тiзiлiмiне енген, коммуналдық меншiкке
жататын кәсiпорындардың қызмет көрсетулерiне тарифтердi;

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң аймақтық органдарының келісімi бойынша, жергiлiктi өкiлеттi органдары белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи монополияшыларының мемлекеттік тiзiлiмiне енген ұйымдар (мемлекеттік коммуналдық меншiк объектiлерi болып табылмайтын) көрсететiн қызметтерге тарифтердi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң аумақтық органдары белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи монополияшыларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлмеген, коммуналдық меншiкке жатпайтын ұйымдар көрсететiн қызметтерге тарифтер - қызмет көрсететiн ұйым және тұрғын үй меншiк иелерiмен немесе олардың бiрлестiгi арасында жасасылған шарттар бойынша айқындалады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес монополияшылар деп танылған, коммуналдық қызметтер көрсететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметтерiн реттеу - монополияға қарсы заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған тарифтерге өзгерту, тоқсанына 1 реттен жиi емес, тоқсан басында 1-шi күннен бастап жүргiзiледi;

коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған тарифтердi қайта қараған кезде оның ұсынылатын деңгейiмен бұқараны таныстырады және тариф қолданысқа енгiзiлместен 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады;

тұрғын үй меншiк иелерiнен алынатын коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлемақы мөлшерi бекітілген тарифтер мен есептегiш құралдардың көрсеткiштерi бойынша, оларды нақты тұтынуына орай, ал есептегiш құралдары болмаған жағдайларда - қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес белгiленген, тұтыну нормаларына қарай айқындалады деп белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрінің
       мiндетiн атқарушы

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом