Қазақстан Республикасы Үкіметінің жолаушылар көлігі мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 наурыздағы № 251 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.19.01 № 29 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жолаушылар көлiгi мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 23 наурыздағы № 251 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.19.01 № 29 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Жолаушылар көлiгi саласында нарықтық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгiн монополиясыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 маусымдағы № 773 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тендерде жеңiп шыққан заңды және жеке тұлғалар белгiлi бiр бағытта (бағыттарда) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына келісім-шарт жасалғандығын растайтын куәлiк алады".