Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі № 1286 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан № 1599 (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 26 октября 2000
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N
1286 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан N
1599

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 512 қаулысымен күші жойылды

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегi № 1286 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 44, 399-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

тақырыбындағы және мәтiнiндегi "субъектiлерiн" деген сөз "субъектiлерiнiң қызметтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ "1999 жылдың 1 қазанынан бастап" деген сөздерден кейiн ", ал қалғандары үшiн - 2000 жылдың 1 қазанынан бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер тағайындау туралы актілерін тiркеудiң тәртібінде:

тақырыбындағы және 2, 3, 4-тармақтарындағы "субъектiлерiн" деген сөз "субъектiлерiнiң қызметтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Тiркеушi органның бөлiмшелерi жоқ қалалар мен аудандардың аумақтарында актiлердi тiркеудi осы қалалар мен аудандардың прокуратура органдары жүзеге асырады.";

     4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

"Ерекше жағдайларда, егер тексеру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн тәртiп бұзушылықты болдырмау жөнiнде кiдiрiссiз шаралар қолдану қажеттiгiнен туындаса, сондай-ақ тәртiп бұзушылық жасалған кезде тiкелей анықталса және ол бойынша анықталған тәртiп бұзушылықтың дәлелдеулерiн бекіту үшiн шұғыл iс-әрекет жүргiзy талап етiлсе, тексерудi тағайындау туралы акт Тiркеушi органға келесi жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылады.";

     5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Тiркеу тексеру жүргiзу және белгіленген үлгiдегi есепке алу карточкасын толтыру туралы актiнi Тiркеушi органға ұсыну жолымен жүргiзiледi. Тексеру аяқталғаннан кейiн оны тағайындау туралы актiнi шығарған мемлекеттік орган Тiркеушi органға әрбiр тексерiлген субъектiнi есепке алу карточкасына қосымша талонды толтырады және ұсынады.

Тiркеушi органға мемлекеттік органдардың шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қызметiне тексерудi тағайындау туралы олардың актілерін тiркеуден бас тартуға тыйым салынады.

Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тартуға прокуратура органдарына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн";

     мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

"7. Тексерулердi тiркеудiң осы Ережемен бекiтілген тәртібінiң бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом