Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына қаражаттар жинауды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 мамырдағы № 413 қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 7 мая 1998
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына қаражаттар
жинауды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 мамырдағы
№ 413 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды

"Бюджеттен тыс қорларға аударымдарды төлеушiлердiң жеке шоттарын салық органдарына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы № 1861 қаулысына және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджеттен тыс қорларға төлемдерi бойынша берешектерiн өтеудi ынталандыру жөніндегі шараларға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. 1998 жылдың 1 мамырынан бастап заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына төлемдер бойынша берешектерiн өтеудiң мынадай тәртібі енгiзiлсiн:

1998 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде негiзгi борыш сомасына өсiм есептеудi тоқтата тұру;

1998 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына төлеуге жататын өсiм сомасын есептен шығару борыштың сомасын өтеуге бара-бар жүргiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес тоқтата тұру кезеңi үшiн негiзгi борыштың өтелмеген бөлiгiне 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап өсiм есептеу және өндiрiп алу көзделетiн Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына төлемдердi уақтылы төлемегенi үшiн бұрын есептелген өсiмдi есептен шығару жөніндегі жұмыстарды жүргiзудiң тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами