Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Республикалық ұлан туралы» Заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы № 234-I Заңы

Информация о документе
Датапятница, 26 июня 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 26 июня 1998
Дата последнего измененияпятница, 26 июня 1998

Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұлан туралы"
Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы № 234-I Заңы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

5-баптың 1-тармағындағы "Республикалық ұлан Қолбасшысының Басқармасынан" деген сөздер алып тасталсын;

IV тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"IV тарау. Республикалық ұланның қолбасшылығы";

12-баптың 2-тармағының 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"5) Республикалық ұлан құрамаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң және қамтамасыз ету органдарының штаттарын бекiтедi;";

13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"13-бап. Республикалық ұланның қолбасшылығы

1. Республикалық ұланның Қолбасшылығын Республикалық ұланның Қолбасшысы басқарады. Қолбасшылық құрамына Республикалық ұлан Қолбасшысының бiрiншi орынбасары және орынбасары кiредi.

Республикалық ұлан Қолбасшысының бiрiншi орынбасарын және орынбасарын Республикалық ұлан Қолбасшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2. Республикалық ұлан қолбасшылығы:

1) Республикалық ұланды ұдайы әскери әзiрлiкте ұстау жөніндегі iс-шараларды талдап жасау және оның орындалуын ұйымдастыру;

2) Республикалық ұланның өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы кезiнде қалыптасқан ахуал туралы мағлұматтар жинау мен талдау;

3) Республикалық ұландағы жедел және жауынгерлiк даярлыққа, оқу-тәрбие процесiне басшылық жасау;

4) Республикалық ұланның қызметтiк-жауынгерлiк iсiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

5) әлеуметтiк-құқықтық жұмыс iс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;

6) кадрларды iрiктеу, орналастыру мен тәрбиелеудi жүзеге асыру;

7) адам құрамын есепке алу мен бақылауды ұйымдастыру;

8) материалдық құралдар қозғалысының есебiн жүргiзу және оларды заңда белгiленген тәртiппен есептен шығару жөніндегі жұмысқа басшылық жасау мiндеттерiн атқаруға тиiс.".

Қазақстан Республикасының

Президентi

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом