Введите номер документа
Прайс-лист

Бухгалтерлік есепке алудың 4 стандарты. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 ж. 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілген) (ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 13 ноября 1996
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 декабря 2007

ҚР Қаржы министрлігінің 2007.21.06 № 217 бұйрығымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөніндегі

Ұлттық комиссиясының

1996 жылғы 13 қарашадағы

№ 3 қаулысымен бекітілдi

Бухгалтерлiк есепке алудың 4 стандарты
Ақша қозғалысы туралы есеп
(ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда

ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "ақша қаражатының", "ақша қаражаты", "ақша қаражатымен" деген сөздер "ақшаның", "ақша", "ақшамен" деген сөздермен ауыстырылды

Мақсаты және қолданылу өрiсi

1. Ақшаның қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық және қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақшаның түсуi мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етiп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерiстердi бағалауына мүмкiндiк бередi.

2. Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақшаның қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есептi кезеңдегi қаржы есептемесiнiң құрамында тапсырады.

Айқындамалар

3. Ақша - кассада және банктердегi шоттарда тұрған қолма-қол бар ақша.

4. Ақшаның қозғалысы - ақшаның түсуi мен жұмсалуы.

5. Операциялық қызмет - заңды тұлғаның табыс табу жөніндегі негiзгi қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметiне қатысы жоқ өзге де қызмет.

6. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алу және сату.

7. Қаржы қызметi - меншiктi капитал мен займ қаражатының мөлшерi мен құрамындағы өзгерiс нәтижесi болып табылатын заңды тұлғаның қызметi.

Ашылымы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом