Введите номер документа
Прайс-лист

Бухгалтерлік есепке алудың 8 стандарты. Қаржы инвестицияларын есепке алу (Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 ж. 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілген) (ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 13 ноября 1996
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 декабря 2007

ҚР Қаржы министрінің 2007.21.06. № 217 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөніндегі

Ұлттық комиссиясының

1996 жылғы 13 қарашадағы

№ 3 қаулысымен бекітілдi

Бұрынғы редакцияларды қара

Бухгалтерлiк есепке алудың 8 стандарты
Қаржы инвестицияларын есепке алу

(ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен

енгізілген өзгерістерімен)

Мақсаты мен қолданылу өрiсi

1. Осы стандарттың мақсаты қаржы инвестицияларын есепке алу және ұйымдардың қаржы есептемелеріндегі инвестициялар туралы ақпаратты ашып көрсету тәртібін айқындау болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 1-сілтеме алынып тасталды

ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Қаржы инвестицияларын есепке алу тәртібі мына мәселелердi қамтиды:

1) қаржы инвестицияларын санаттарға сыныптау (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi);

2) қаржы инвестицияларының құнын анықтау және қаржылық есептілігінде көрсету;

3) инвестицияларды санаттан санатқа аудару;

4) қаржы инвестициялары құнының сөзсiз төмендеуi.

3. Бұл стандарт мыналарды қарастырмайды:

1) инвестициялардан алынған сыйақылар, роялти, дивидендтер және жалақысы түріндегі табыстарды тану негiздерi;

2) еншiлес заңды тұлғаларға салынған инвестициялар;

3) гудвилл, патенттер, сауда таңбалары және басқа да осындай активтер;

4) ұзақ мерзiмдi жалға беру;

5) зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламаларына және қызметкерлердiң өмiрiн сақтандыру жөніндегі ұйымдарға салынған инвестициялар.

Айқындамалар

4. Қаржы инвестициялары табыс табу (мәселен, сыйақылар, роялти, дивидендтер және жал ақысы), инвестицияланған капиталды арттыру немесе өзге де (мәселен, коммерциялық қатынастардың нәтижесiнде) пайда табу мақсатында ұйым ие болып отырған актив.

Қаржы инвестицияларына сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлiкке салынған инвестиция да жатады.

5. Өткізу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар және оны жасауға дайын тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге төленетiн құн.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом