Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазынашылық органдарының шоттарындағы уақытша бос ақша қалдықтарын салымға орналастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 қазандағы № 1061 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазынашылық органдарының шоттарындағы уақытша бос ақша қалдықтарын салымға орналастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 қазандағы № 1061 қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазынашылық органдарының шоттарындағы уақытша бос ақша қалдықтарын
салымға орналастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 20 қазандағы № 1061 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды

Астана қаласындағы құрылысты қаржыландыру проблемасын жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің "Қазақстан Халықтық банкі" ашық акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі - Банк) салымға Банктің "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасымен 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомада несие ресурстарын беруі шартымен қазынашылық органдарының шотынан 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомадағы уақытша бос ақшаны заңдарда белгіленген тәртіппен орналастыратыны назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ақшаны сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша және Банк салым бойынша міндеттемелерді (кепілді) қамтамасыз етпестен орналастыруға рұқсат берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті орналастырылған ақшаның қайтарылуын қамтамасыз етсін.

4.

Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.07.11. № 943 қаулысымен.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
 
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!