Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 9/2 қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 9 октября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 9 октября 1998
Дата последнего измененияпятница, 9 октября 1998

Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми
түсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998
жылғы 9 қазандағы № 9/2 қаулысы

Конституциялық Кеңес құрамында Конституциялық Кеңес төрағасы Ю.А. Ким, мүшелері Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, С.Ғ. Темірболатов және В.Д. Шопин қатысқан, өтініш субъектісі өкілі - Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Е.З. Бекбаевтың қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Конституциялық Кеңес мүшелері, баяндамашылар В.Д. Шопин мен Ж.Д. Бұсырмановтың хабарламаларын, өтініш субъектісі өкілінің сөзін тыңдап, осы өтінішке қатысты материалдармен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

1998 жылғы 8 қазанда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағындағы "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген бөлігін ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.

Өтініште "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген сөздердің мағынасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін қалай және кім белгілейтін болады деген мәселе қойылған.

Осы өтінішке қатысты материалдарды зерделеп, және тіл мамандарының пікірлерін негізге ала отырып, Конституциялық Кеңес өтініште қойылған мәселелер бойынша мынадай түсінік береді,

"Мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген сөздер қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойларын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады деген ұғымды білдіреді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом