Введите номер документа
Прайс-лист

Еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзірлеу мен бекіту тәртібі туралы Ережені және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік сілтемелерді бекіту туралы Қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек Министрлігінің 28 маусым 1994 ж. № 60 (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 28 июня 1994
Статус
Утратил силу

Еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу мен
бекіту тәртібі туралы Ереженi және еңбектi қорғау жөніндегі
қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу жөніндегі әдiстемелiк сiлтемелердi
бекіту туралы Қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек
Министрлігінiң 28 маусым 1994 ж. № 60

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004.02.12. № 278-ө бұйрығымен күші жойылды; ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды

Еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу кезiнде бiрыңғай дәйектер мен талаптарды қамтамасыз ету және нормативтiк база жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі қаулы етедi:

1. Еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу мен бекіту тәртібі туралы Ереже және еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу жөніндегі әдiстемелiк сiлтемелер 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінiң Еңбек қорғау жөніндегі департаментi Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен, ведомстволарымен және басқа да атқару билiгiнiң органдарымен, бiрлесiп, бұрынғы КСРО-ның министрлiктерi мен ведомстволары бекiткен еңбектi қорғау жөніндегі қолданылып жүрген ережелердi қайта қарап, жаңасын жасауды ұйымдастырсын.

3. КСРО Мемеңбеккомы мен ВЦСПС Секретариатының 5.12.1985 жылы бекiткен "Еңбектi қорғау жөніндегі нұсқаулар әзiрлеу туралы Ереженiң" күшi жойылды деп танылсын.


Қазақстан Республикасының Еңбек министрi

Қазақстан Республикасы

Еңбек министрлігінiң

1994 жылғы 28 маусымдағы

№ 60 қаулысына

1 қосымша

Еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен

нұсқауларды әзiрлеу мен бекітудiң тәртібі

ЕРЕЖЕ

Бұл Ереже еңбектi қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларды әзiрлеу, келiсу, бекіту, есебiн алу, басып шығару, тарату, күшiн жою тәртібін сол сияқты олардың сақталуына қадағалау мен бақылау жасау тәртібін белгiлейдi.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами