Введите номер документа
Прайс-лист

Еркін кеден аймақтары және еркін қоймаларға кейбір тыйым салуларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1326 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 23 декабря 1998
Статус
Утратил силу

Еркін кеден аймақтары және еркін қоймаларға кейбір тыйым салуларды
белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1326 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 681 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды


"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі № 2368 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Еркін кеден аймақтарында және еркін қоймаларда алкогольді өнімдердің өндірісінде қолданылатын және еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар режимдерінде ресімделген тауарларды өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынсын.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі № 2368 заң күші бар Жарлығына еркін кеден аймақтарында және еркін қоймаларда Қазақстан Республикасының Кеден заңдарында белгіленген өлшемдерге сәйкес жеткілікті өңделмеген тауарларды сатуға тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізетін болсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом