Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаж
мүшелерінің жұмыс уақыты және демалыс уақыты туралы ЕРЕЖЕ
Бекітілді Қазақстан Республикасының Вице-Министрі - ӘКП
және ААҚ жөніндегі комитет Төрағасының 1998 ж. 20 шілдедегі
№ 99-П
Көлік және коммуникациялар министрінің 02.11.04 ж. № 207 бұйрығымен күші жойылды
1. Қолданылатын атаулар мен анықтамалар
1.1. Ұшу трассасы бойынша астрономиялық күн (жарық уақыт) және астрономиялық түн, сондай-ақ іңір уақыты (қараңғы уақыт) КСРО ААМ 1984 жылы шығарылған "Күннің шығысы және батысы, таң ату және күн бату уақытының күнтізбелік анықтамалығымен" анықталады.
1.2. Авиациялық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация жөніндегі комитеті.
1.3. Экипаждың (экипаж мүшесінің) биологиялық күні - тұрақты немесе егер тұру мерзімі 3 тәуліктен асса (соның ішінде үш түн қатарынан) уақытша тұрғылықты жер белдеу сағатының 6.00 минөтінен 22.00 минөтіне дейін.
1.4. Экипаждың (экипаж мүшесінің) биологиялық түні - тұрақты немесе егер тұру мерзімі 3 тәуліктен асса (соның ішінде үш түн қатарынан) уақытша тұрғылықты жер белдеу сағатының 22.00 минөтінен 6.00 минөтіне дейін.
1.5. База - экипаж мүшесі тұрақты негізде немесе жұмыстарды орындау мезгіліне пайдаланушы болып тіркелген пайдалану орталығының орналасқан жері.
1.6. Бортсеріктер - ұшақ салонында нақты міндеттерді орындауға пайдаланушымен жалданылатын мамандар.
1.7. ӘК - әуе кемесі.
1.8. Әскери уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
1.9. Демалыс уақыты - пайдаланушымен авиациялық қызмет көрсету үшін жалданылған кез келген тұлғаның пайдаланушының тапсырмасы бойынша оның функцияларын орындаумен байланысты барлық міндеттер мен жауапкершіліктен босатылған уақыттың үзіліссіз кезеңін білдіреді.
1.10. Ұшу алдындағы демалыс уақыты - ұйықтайтын орындармен қамтамасыз етілген орында жерде өткізілген, экипажға (экипаж мүшесіне) кейінгі жұмыс кезеңіне дайындалу мақсатымен демалыс үшін берілген уақыт.