Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтың импортын лицензиялау мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 желтоқсандағы № 1283 Қаулысы (2006.15.03. берілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 14 декабря 1998
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 июля 2008

«Республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған дәрі-дәрмектер
мен медициналық жабдықтың импортын лицензиялау мәселелері»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы
14 желтоқсандағы № 1283 Қаулысы

(2006.15.03. берілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Халықтың денсаулығын қорғау аясында мемлекетке, ұйымдарға және азаматтарға ізгілік көмек көрсету саласындағы процестердің дамуын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша республикаға ізгілік көмек желісі бойынша әкелінетін дәрі-дәрмектердің импортына, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып, бес күн мерзім ішінде лицензиялар берсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Импорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесінде:

1-бағандағы "дәрі-дәрмектер, медициналық техника", деген сөздерден кейін "(республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған медициналық техниканы қоспағанда") деген сөздермен толықтырылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом