Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртібі
туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 339 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 305 қаулысымен күші жойылды
Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркесін.
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) екі апта мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 339 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
12.12.96 жылғы № 292 қаулысымен бекітілген "Екiншi
деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртібі
туралы"
ережеге өзгерістер мен толықтырулар