Монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін монополияға қарсы жауапкершілік
жүктеу шараларын қолдану Ережелерін бекіту туралы Бұйрық
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі
1999 ж. 9 сәуірдегі № 15-ОД Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 ж. 28 қазандағы № 216-НҚ бұйрығы күшіне енген күнінен бастап осы бұйрықтың күші жойылады
"Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы", "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақ ССР-нің Заңын, "Табиғи монополиялар туралы", "Теріс пиғылды бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қосымша беріліп отырған Монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін монополияға қарсы жауапкершілік жүктеу шараларын қолдану Ережелері бекітілсін.
2. Монополияға қарсы заңның сақталуын қадағалау департаменті (Нұрабаева Ә.Қ.) Монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін монополияға қарсы жауапкершілік жүктеу шараларын қолдану Ережелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Ұйымдық-кадр жұмысы бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы Ережелерді аумақтық комитеттерге жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік төрағасының бірінші орынбасары міндеттерін атқарушы С.Ш. Құрманғалиевке жүктелсін.
Агенттік Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі Төрағасының
1999 жылғы 9 сәуір
№ 15-ОД бұйрығымен бекітілген
Монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін
монополияға қарсы жауапкершілік жүктеу шараларын қолдану
Ережелері
1. Жалпы ережелер