Введите номер документа
Прайс-лист

Жергілікті қаржы органдары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 934 қаулысы (ҚР Үкіметінің 07.02.00 ж. № 186; 28.10.04 ж. № 1119 Қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датавторник, 6 июля 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 6 июля 1999
Дата последнего изменениявторник, 6 июля 1999

Жергілікті қаржы органдары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 6 шілдедегі № 934 қаулысы (ҚР Үкіметінің 07.02.00 ж. № 186;
28.10.04 ж. № 1119 Қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін одан әрі реттей және Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 1999 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мерзімде жергілікті атқарушы органдардың құрылымында жергілікті бюджеттерді қалыптастыруды және атқаруды жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті қаржы органдарын құру ұсынылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кейін жергілікті атқарушы органдарға тұрақты жұмысқа ауысатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аумақтық қаржы органдарының қызметкерлерін 1999 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қарамағына іссапарға жіберсін.

ҚР Үкіметінің 07.02.00 ж. № 186 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарының мүлкін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.

ҚР Үкіметінің 07.02.00 ж. № 186 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қаржы органдары таратылсын.

ҚР Үкіметінің 07.02.00 ж. № 186 Қаулысымен 2-3-тармақпен толықтырылды

2-3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарын таратуды жүзеге асырсын.

3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін 3-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом