Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ведомстволарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1266 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 27 августа 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 27 августа 1999
Дата последнего измененияпятница, 27 августа 1999

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген
ведомстволарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 27 тамыздағы № 1266 Қаулысы

 

"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң мынадай ведомстволары таратылсын:

1) Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi;

2) Өсiмдiктердi қорғау комитетi;

3) Өсiмдiктер карантинi жөніндегі комитет.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған комитеттердi таратуды жүзеге асырсын.

3. Жоғарыда аталған ведомстволар таратылғаннан кейiн қалған мүлiктерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгіне берiледi деп айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкестендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсiмдiктер карантинi жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 476 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N15, 152 құжат);

2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 494 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 15, 161-құжат);

3) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 498 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 15, 162-құжат);

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17,19 және 20-тармақтары.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом